08:43, 14 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Бейбіт Шүменов «крузервейттегі» алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов ұзақ демалыстан кейін қайта рингке шығып, крузервейттегі (200 фунт (90.718 кг)) алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады, деп жазады sports.kz.
Оның қарсыласы америкалық кіші Бобби Томас болды. Кездесудің бесінші раундында рефери ойынды тоқтатты. Осылайша жерлесіміз айқын басымдықпен кәсіби рингтегі 15-жеңісіне қол жеткізді.