02:22, 01 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Бейбіт Шүменов Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жек өткізуден бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейбіт Шүменов Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жектен бас тартты, екеуінің кездесуі Лас-Вегаста 18 желтоқсанда өтуі тиіс болатын. Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміздің бұл кездесуден бас тартуына жаттығу лагерінде алған жарақаты себеп болған, деп жазады Sports.kz.
Бейбіт Шүменов пен Кшиштоф Влодарчик SpikeTV-дегі PremierBoxingChampions(PBC) 2015 жылғы маусымының финалында кездесу керек болған. Ол Лас-Вегаста PalmsCasinoResort-та тікелей эфирде үш сағат трансляциялануы тиіс болған.