Бейбіт Шүменовтің қарсыласы Джуниор Райт болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай ауыр салмақта уақытша әлем чемпионы титулын алғаш рет қорғайтын қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің (16-2, 10 КО) қарсыласының есімі белгілі болды, деп жазады Sports.kz.
Сенбі күні Лас-Вегастағы The Cosmopolitan аренасында Шүменов рингте бірінші ауыр салмақта шығып жүрген америкалық боксшы Джуниор Райтпен кездеседі. Сондай-ақ РВС бокс шоуының аясында Ванес Мартиросян мен Эрисланди Лара және Жермалл Чарло - Остин Траут жұдырықтасады.
Еске сала кетейік, Бейбіт Шүменов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың шілде айында өткізді. Желтоқсанда ол Кшиштоф Влодарчикпен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда жарақаты салдарынан бұл жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.