Бейбіт Шүменовтің жекпе-жегін отандық арналар тікелей эфирден көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейбіт Шүменовтің жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейбіт Шүменовтің жекпе-жегін отандық арналар тікелей эфирден көрсетеді

Бұл туралы «Qazsport» арнасының ресми сайты мәлім етті.

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақтарда әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов рингке 7 шілдеде Астанадағы бокс кешінде оралады. Отандасымыз WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Қазақстандық боксшының қарсыласы түркиялық боксшы Хизни Алтункай. Ол кәсіпқой бокста 31 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана жеңілген.