Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы-2014» финалдық кезеңіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысында жарыстың жаңа кезеңіне іріктеу үшін болған сайыста жеңімпаз атанды, деп хабарлады турнирдің баспасөз қызметі.

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы-2014» финалдық кезеңіне қатысады

Ыстыбаев іріктеу финалында Дәулетхан Жақыповты ұтты, екі палуан да «Қазақстан Барысы-2014» титулы үшін бақ сынайды. Сонымен бірге, Қарағандыда да жеңімпаздар анықталды, онда финалға Бекзат Ахметбеков пен Асылхан Бәрменов шықты. Шымкентте де іріктеу кезеңі өтті. Қала мен облыс атынан Жұманазар Ерсұлтанов пен Сабыржан Әбілдаулы бақ сынайтын болды.

Еске сала кетейік, іріктеу осыған дейін Павлодар мен Қызылорда облыстарында да өткен еді.

«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ақтық бәсекесі Астанада 29 маусым күні болады. Бұл доданың осы күнгі жеңімпазы Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғымаров, деп хабарлайды Vesti.kz.