Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың саны туралы мәселе пысықталады - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиналыстарға қатысушылардың саны туралы мәселені қарайтын болады. Бұл туралы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың саны туралы мәселе пысықталады - Дәурен Абаев

«Мемлекет басшысы сұхбатында бейбіт жиындарға қатысушылардың санын 250 адам деп шектеу енгізу жөнсіз деп санаған болатын. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеудеміз. Бұл біз үшін тапсырма іспетті», - деді Дәурен Абаев елордада заң жобасын талқылау барысында.

Еске сала кетсек, ҚР Презенті Қасым-Жомарт Тоқаев Informburo порталына эксклюзивті сұхбат берген кезде бейбіт жиналысқа қатысушылар саны 250-ден аспау керек деген шектеу қою міндет емес екені туралы айтқан.