Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 325-ракеткасы, 22 жастағы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өткен челленджер финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 311-ракеткасы, эстониялық Марк Лаялмен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партия соңында брейк жасаған эстониялық спортшы басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде есесіне есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасағанымен, ізінше сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Эстониялық теннисші матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 7:5.

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Б.Жұқаев 5 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Қарсыласы 7 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың АҚШ-тағы челленджер турнирінің финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Босниядағы турнирдің финалына шыға алмады.

Елена Рыбакина Ролан Гарросте киген киімімен ерекшеленді.

Фото - Қазақстан теннис федерациясы


Соңғы жаңалықтар