Бейбітшілік пен келісім сарайында ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты концерт болады

АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында ҚР Конституциясы қабылдануының 14 жылдығына арналған салтанатты концертті тамашалайды.

Бейбітшілік пен келісім сарайында ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты концерт болады

Бұған дейін хабарланғанындай, бүгін түске дейін ҚР Президенті - Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясы күніне арналған тұңғыш әскери шеруді қабылдады.

 «Қазақ елі» монументі орналасқан алаңда Құрғақтағы әскерлердің, Әуе қорғанысы күштерінің және ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-теңіз күштерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері және Республикалық ұланның қатысуымен әскери шеру болып өтті. Оған  2 мыңнан астам офицерлер, келісімшарт бойынша қызмет ететін жауынгерлер, курсанттар, сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскерилер қатысты.