Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы «Тунистегі ұлттық диалог квартетіне» бұйырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2011 жылы жұпар қозғалысынан кейін Тунисте плюралистік демократияны құруда қосқан үлесі үшін «Тунистегі ұлттық диалог квартеті» 2015 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап lenta.ru хабарлады.
2013 жылы құрылған «Квартет» төрт негізгі азаматтық ұйымнан тұрады. Олар: Жалпыға бірдей Тунис еңбек бірлестігі, Түнис өнеркәсіп және сауда конфедерациясы, Тунистік адам құқығы лигасы және Тунис адвокаттар қауымдастығы.
«Елде азаматтық соғыс туу қаупі төнгенде "Квартет" бейбіт саяси үрдістің өтуіне септесті», - деді Нобель комитетінің басшысы Карин Сисилле Кулльман Фиве.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда - Альфред Нобель қайтыс болған күні өтеді. Әр сыйлықтың сомасы шведтік 8 миллион кронды (972 мың доллар) құрайды, деп жазды www.lenta.ru
Жұпар төңкерісі деп Тунис президенті Зин эль-Абидин Бен Алидің саясатына қарсы бұқаралық көтерілісті атайды. Қоғамдық толқулар нәтижесінде 2011 жылғы 14 қаңтарда ол отставкаға кетуге мәжбүр болды.