Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бейбітшілік және келісім маршы Астанадан бастау алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Отан қорғаушылар монументінің алдында ұлтаралық және дінаралық ынтамақтастық халықаралық жобасы - «Қайнар көздерге жол» бейбітшілік және келісім маршы өтті.

Бейбітшілік және келісім маршы Астанадан бастау алды (ФОТО)

Шараны ұйымдастырушылар ретінде «Бейбітшілік және келісім» қоғамдық қайырымдылық қоры (Шымкент қаласы), Қазақстанның татар және башқұрт қауымдастығының қолдауымен «Дуслык» татар білім беру-мәдениет орталығы, Астана қаласы әкімдігінің Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесі қатысты. Сапар Қазақстан елордасынан басталып, Ресей, Украина, Румыния, Болгария және Грекия елдерінің қалаларында жалғасады деп жоспарлануда. Екі ай ішінде жобаға қатысушылар 7310 шақырымды игермек, оның ішінде 1000 шақырымға жуығын жаяу жүріп өтеді. «Біздің басты міндетіміз - дінаралық диалог тұжырымдамасын әзірлеуде бастамышылдық таныту болып табылады», - деді «Бейбітшілік және келісім» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Руслан Абдуллин. Бейбітшілік және келісім маршы атқарушы комитетінің жетекшісі Тимур Сейітовтың сөзіне қарағанда «Шара азаматтық акция ретінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі конфессия өкілдерінің арасындағы діни төзімділігі идеясын жүзеге асыру аясында өтіп жатыр». Сарыарқа ауданы Ардагерлер кеңесінің ұлтаралық қатынастарды нығайту жөніндегі комиссиясының төрағасы Мұрат Әбдірахманов Руслан Абдуллинге мемлекетік нышаны бар туды тапсырды.