Бейбітшілік және келісім сарайында мәдени-ұлттық дәстүрлерді сақтау мәселесі талқылануда
АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бүгінгі заманға лайық мәдени-ұлттық дәстүрлер» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Әділет министрлігінің Діндер және мәдениеттер халықаралық орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Иран орталығы және елордадағы ұлттық-мәдени ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан алқалы жиында бүгінгі күннің басты мәселесі ? ұлттық келісімді дамыту және осы жұмыс аясында халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін сақтау проблемалары талқылануда. Іс-шара аясында ұлттық әшекей-бұйымдар көрмесі ашылды.