Бейбітшілік және келісім сарайында жаңажылдық шырша тойы болып өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында жаңажылдық шырша тойы болып өтті.
None
None

Бұл шараға мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсем безендірілген шырша төңірегіне жиналған балдырғандарды Аяз ата мен Ақша қар қазақ және орыс тілдерінде құттықтады. Балалармен қосылып ән салып, айнала би биледі. Барлық балаларға сыйлықтар табыс етілді.

Осыдан кейін балалар залға шақырылып, қазіргі заманға сай сахналанған аңдар туралы ертегі бойынша қойылым көрсетілді. Елордалық жас әртістер шебер ойнаған қойылым балаларға қатты ұнады. Ертегінің соңын әртістер аңдардың достығы туралы әнмен аяқтады. Айта кету керек, бұл қойылым мемлекеттік тілде өткендігімен ерекшеленді.

Балдырғандарды қуанышқа бөлеген осы мәдени шараны Астана қалалық Мәдениет басқармасы мен «Жастар» театры ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар