Бейбітшілікке қатер тудырып отырған келіспеушіліктің түп тамырында жатқан проблемаларды талқылау қажет- Мәдениет және исламдық байланыс ұйымы
Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ІХ отырысы барысында Мәдениет және исламдық байланыс жөніндегі ұйымның діндер диалогы орталығының жетекшісі Мозафари Мохаммад Хусейн осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Съезде біз өзекті проблемаларды талқылап, оларды шешудің жолын тауып, ұсыныстарды айтып, кейіннен оны белгілі бір құжат аясында айқындап алуға болар еді. Бұл құжаттар халықаралық ұйымдар үшін ұсыныстарды қамтыр еді»,-деді ол.
Діни қақтығыстарға, өшпенділікке тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығын жеткізген Мозафари Мохаммад Хусейн, «кешегі отырыста айтқанымдай, діни өшпенділік БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес құрамындағы елдердің арасындағы жанжалдың көзі болып табылады. Сондықтан меніңше, барлық тақырыптар мен барша талқылаулар БҰҰ елдері арасындағы келіспеушіліктерді шешуге бағытталуы тиіс», деді.
Ол бейбітшікке қатер тудырып отырған келіспеушіліктің түп тамырында жатқан проблемаларды талқылау ұсынысын жасады.