Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық, әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform. 

Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: bassport.kz

Бейбіт іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бет қаратқан жоқ – 6:1.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Ақыры сол бағытынан айныған жоқ – 6:4.

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Б.Жұқаев 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Бейбіт Жұқаев іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің жаңа жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Аргентинадағы жарыстың екінші айналымына шықты.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар