Бейбіт Жұқаев Қытайдағы «Мастерс» турнирінің негізгі кезеңіне шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Теннистен Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Жұқаев (196 АТР) мансабында екінші рет Шанхайдағы ATP 1000 сериясы аясындағы турнирдің негізгі кезеңінде өнер көрсетпек, деп хабарлайды ҰОК-ның баспасөз қызметі. 

Жұқаев
Фото: ҚТФ

Іріктеу раундының финалында қазақстандық теннисші британдық Билли Харристі (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Жұқаевтың негізгі кезеңінің бірінші айналымындағы қарсыласы кім болатыны кейінірек анықталады. 

Шанхайда өтетін «Мастерс» – Бейбіт үшін маңызды турнир. Былтыр да ол турнирдің негізгі жарысына өтіп, үш сетте де чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің негізгі бөлігіне шыққан болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Соня Жиенбаеваның Мадридте өткен турнирде жеңімпаз атанғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар