"Беймарал" театры Қызылорда облысын аралайды

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Беймарал" театры мамыр айының екінші жартысында Қызылорда облысын аралайды.
None
None

Бұл шара «Аққу-Гәкку» әзіл-сықақ отауының продюсері Әзімхан Бердалы өзінің 60 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылмақ. Бұған дейін 30 сәуір күні "Алматы" концерт залында «Мұрагер» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен мерейтой иесінің кеші өткізілген еді.

"Консерватория қабырғасынан Бекен Жылысбаевтың класында әншілік мамандық алып шыққан Ә. Бердалы еңбек жолын Қазақстан ұлттық телеарнасында бастап, бас режиссерлік қызметке дейін өсті. Одан кейін Лұқпан Есеновтың шақыруымен 1986-2006 жылдары "Тамаша" ойын-сауық отауының директоры болды. Бір қызығы, бұл кісі өзі де өнер адамы болып тұрып, бүкіл өмірін өзге өнерпаздардың жұртшылыққа танылуына арнап келеді", - дейді "Мұрагер" продюсерлік орталығының режиссері Асқар Наймантаев. Оның айтуынша, Ә. Бердалы дастарханға шақырғанда әртістерді төрге отырғызып, өзі әрдайым төмен жайғасады. Олардың "қашан шал боласыз. Бас ұстап бата беретін кезіңіз болды ғой дегеніне "халық сендерді жақсы көреді. Сендердің концерттеріңе келеді. Мен сендердің қызметшілеріңмін деуден жалықпайды. Оның кішіпейілділігін өзінің мерейтойлық кеші аясында "Беймарал" театрының Қызылорда облысына концерттік сапарын ұйымдастырып жатқанынан да байқауға болады. "Әзекең өзінің бұл ісін сендер жас театрсыңдар ғой, деп ел-жұртпен жақын танысып қайту артық болмайды деп жуып-шайып отыр. Бұл сапарда өнер ұжымы барлық елді мекендерді аралап, одан кейін Шымкент, Тараз қалаларына да ат басын тірейтін болады", - дейді А. Наймантаев.

Соңғы жаңалықтар