Бейнебақылау камералары Астана аулаларындағы құқық бұзушылықтарды 5 есеге төмендетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейнебақылау камералары Астана аулаларындағы құқық бұзушылықтарды 5 есеге төмендетуге мүмкіндік берді.

Бейнебақылау камералары Астана аулаларындағы құқық бұзушылықтарды 5 есеге төмендетті

Бұл туралы бүгін «Тіршілік қарекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесімен» белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты көшпелі сотында Астана қаласы ІІД Есіл аудандық ІІБ өкілі Серік Әбутәліп мәлім етті.

«Көшпелі соттың мақсаты - аудан тұрғындарына барлық құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы тіркелетіндігін хабарлау. Егер біз бұрын күніне 50-ден астам құқық бұзушылықты анықтап келген болсақ, жүйе арқылы біз оның санын 10-8-ге дейін төмендеттік», - дейді ол.

Еске сала кетейік, елордада қылмыс санын азайту масатында қолға алынған «Тіршілік қарекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» ілкі жобасы аясында Қабанбай батыр-Алматы-Сауран-Сығанақ көшелері ауданындағы аулаларға 113 камера орнатылған болатын.

Жалпы 6 айдың ішінде сол камералармен 138 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көлікті айдап кету - 2, адамға дене жарақатын салу - 1, әкімшілік құқық бұзушылық фактілері - 71, жол-көлік оқиғасы бойынша 28 факті тіркелген.