Бейнебақылау камерасы жол-көлік оқиғасы кезінде оқ атып, бой тасалған жүргізушіні ұстауға көмегін тигізді

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Сыртқы бақылау камерасының және Қарағанды облыстық, қалалық ІІД-нің қызметкерлерінің бірлесе жедел әрекет жасауының арқасында жол-көлік оқиғасы кезінде оқ атып, бой тасалаған жүргізуші құрықталды. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
None
None

Оның айтуына қарағанда, Қарағанды қаласының Чкалов-Кривогуз көшелерінің қиылысында «БМВ» көлігінің жүргізушісі «Фольксваген-Транспортер» автомобилін қағып, оқиға орнынан бой тасаламақ болған. Жәбірленуші «БМВ» көлігін тоқтауға тырысқан кезде күдікті оған оқ атып, қашып кеткен.

«Қарағанды облыстық ІІД-не тиесілі бейнебақылау камерасы осы оқиғаны тіркеп, қалада «Тосқауыл» жоспары жүргізілді. Полиция арнайы жасағының қызметкерлері «Юбилейный» дүкені аумағында іздестірудегі адамға ұқсас 25 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқындады. Одан «Оса» травматикалық тапаншасы тәркіленіп, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Қ.Жұманов.

Министрліктің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қарағанды қаласында 238 сыртқы бақылау камерасы орнатылған. Жыл аяғына дейін тағы 30 камера орнату жоспарланып отыр. Жыл басынан бері камералардың көмегімен 119 қылмыс әшкереленіп, 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген.

Соңғы жаңалықтар