Бейнебақылаудың көмегімен Алматыда 200 қылмыс ашылып, 27 мың құқық бұзушылық анықталды

АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда жыл басынан бері қоғамдық орындарда орнатылған бейнебақылаудың көмегімен 200 қылмыстық іс ашылып, 27 мың құқық бұзушылық анықталды,
None
None

деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қыметі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бейнебақылау орнатылып, оның қызметін үйлестіретін Жедел бақылау орталығы 2000 жылы іске қосылған болатын. Бұл үшін ҚР ІІМ-нің арнайы тобы АҚШ-тың «911», Франция мен Кореяның (Сеулде) жедел басқару орталықтарының қызмет тәжірибесімен танысып қайтқан еді. Соның нәтижесінде, іске қосылған басқару орталығында қазіргі кезде техникалық және жедел-сараптамалық кешен жұмыс істейді. «Орталықтың негізгі міндетіне қылмыстар, құқық бұзушылықтар, оқиғалар туралы жедел ақпарат жинау, полицияның барлық құрылымдарының жұмысын үйлестіру, ақпаратпен қамтамасыз ету. Өткен 7 айда 897 мың қоңырау түсті.Оқиға туралы ақпаратты алып, жедел жасақтың 2-5 минут аралығында жетуін қамтамасыз ету үшін орталық замануи техникамен қамтамасыз етілген. Әрбір қызметкердің қолында спутниктік бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген электронды карта бар. Онда полиция жасағының орны, қалалық құрылымдардың барлығы көрініс тапқан», дейді жедел басқару орталығының бастығы, подполковник Андрей Квашнин. Оның айтуынша, орталықтың негізгі қызметтерінің бірі көшелердегі бейнебақылауды реттеу. «Бейне бақылау қылмыстың жедел ашылуына үлкен көмек береді. Оның үстіне, бұндағы деректер қылмысты ашу, сот кезінде айғақты зат болады. Осы техникалардың және полиция қызметкерлерінің біріккен жұмысы нәтижесінде жыл басынан бері қалада 3965 қылмыс ашылды», дейді А.Квашнин.

Соңғы жаңалықтар