Бейнелеу өнері бойынша жаңа монеталар сатылымға шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясынан номиналы 500 теңгелік M.KENBAEV ÁŃGIME коллекциялық монеталары биылғы 14 сәуірден бастап сатылымға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаржы ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Монеталар kazcoins.nationalbank.kz платформасында Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

KENBAEV ÁŃGIME монеталарының сипаттамасы: монета дизайнында Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, педагог әрі профессор М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген. Материалдарды Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі ұсынды.

Монета аверсінің орталық бөлігінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, ал жақтауында QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналы, соғылған жылы, монета жасалған металдың салмағы мен сынамасы жазылған. Жоғарғы бөлігінде «M.KENBAEV ÁŃGIME (1958)» деген жазу мен Ұлттық банктің тауар белгісі (логотипі) басылған», - делінген жарияланымда.

Монетаның реверсінде суретші М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген. Композиция түрлі-түсті баспа технологиясымен жасалған. Монеталар 925/1000 сынамалы күмістен тұрады. Салмағы – 31,1 грамм, сапасы – proof. 500 теңгелік номиналмен 1 500 данасы жасалды.


Соңғы жаңалықтар