Бейонс Алматыда ашық аспан астында концерт қояды
АЛМАТЫ. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда 22 тамызда М. Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күніне арналған концерт өтеді.
2008 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы бекіткен бұл атаулы күні биыл Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған «Мен мұндай болдым» («I was here») әні аталмыш гуманитарлық күннің әнұранына айналған американдық поп-эстрада жұлдызы Бейонс қатыспақ. Бұл әнді ол көрермендермен қосылып айтады деп жоспарлануда. Қайырымдылық ұйымдары, шығарашылық топтар, БҰҰ агенттігі, Қызыл жарты ай ұлттық қоғамы, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен өтетін ойын-сауықтық бағдарламада қонақтарға өз жұмыстары туралы айтып көрсетілімдік жаттығуларын ұсынбақ. Шараның ашылу рәсіміне БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Стивен Тулл, қала әкімі Ахметжан Есімов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Игорь Мусалимов қатысқалы отыр.