Бейонсе мен Виктория Бекхэм ең беделді аналар тізіміне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген елдерде 11 мамыр аналар күні мерекесі ретінде аталып өтіледі. Соған байланысты британдық Working Mother басылымы ең беледі аналар тізімін жасады, деп жазады kp.ru.
Нәтижесінде, Бейонсе мен Виктория Бекхэм әлемдегі ең беделді 50 ананың қатарына енді. Бұл тізімде, сондай-ақ, Тайландтың премьері мен Apple вице-президенті бар.
Шоу-бизнес өкілдерінің арасынан рейтингті жасаушылар Кристина Агилера, Бейонсе, Шакира, Сандра Буллок, Кэрри Вашингтон мен Ким Кардашьян есімдері де аталған.
Ал сәнқой аналар арасындағы беделділері: Виктория Бэкхэм, дизайнер Тори Берч пен J.Crew сән маркасының басшысы Дженна Лайонс.
Ғылым, қаржы және жоғары технологиялармен айналысатын танымал аналар да көп: Apple вице-президенті Анджела Арендтс, Бүкіләлемдік банктің басқарушы директоры Шри Мульяни Индравати, JPMorgan Chase аға вице-президенті Марианн Лэйк, Yahoo! бас директоры Марисса Майер, Facebook бас операциялық директоры Шерил Сандберг бар.
Тізімде қайырымды аналар да көрсетілген. Олардың ішіндегі ең беделдісі ретінде Мелинда Гейтсті таныған. Себебі ол Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтстің әйелі ғана емес, сонымен бірге Bill and Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорының басшысы.
Жақында америкалық Time журналы өзінің жыл сайынғы әлемнің беделді 100 адамының тізімін жариялады. Ол тізімге Ресей президенті Владимир Путин де енген.