Бейсенбі күні ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 15 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР аумағының басым бөлігіне бұрынғысынша антициклон әсер ететін болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, түнде батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, көктайғақ күтіледі.Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман түседі.