Бейсенбі күні ел аумақтарында жел күшейіп, жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бейсенбі күні ел аумақтарында жел күшейіп, жауын жауады

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, дауыл күтіліп, жел күшейіп, шаңды дауыл, тұман күтіліп, бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстік-батыс және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 30 м/с және аса күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертен тұман болады.

Шығыс Қазақстан. Қостанай облыстарында дауыл күтіліп, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертен желдңғ жымдамдығы 18-23 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с, күндіз шаңды дауылмен. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл болады. Павлодар облысында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.