Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі сақталады, тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 17-22 м/с күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіліп, түнде кей жерлерде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.