Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қараша, бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс өңірінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Ақмола, Қостанай облыстарының бірқатар жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында күндіз, ал Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстанда түнде және таңда тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында көк тайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қарағанды облысында тұман түсіп, жел күшейеді (15-20 м/с). Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады.