Бейсенбі Нәсиоллаұлы WBC нұсқасы бойынша жастар әлем чемпионының белбеуіне таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда тұратын қандасымыз, кәсіби боксшы Бейсенбі Нәсиоллаұлы 12 ақпанда өз елінде титулдық айқас өткізеді.
Онда гандық боксшы Тэкки Аннанмен бірінші орташа салмақта WBC тұжырымы бойынша жастар әлем чемпионы белбеуіне таласатын болады.
Бейсенбі Нәсиоллаұлы «Жон-Вей» промоутерлік компаниясының аясында өнер көрсетеді, оны филиппиндік Лиябын Дунда жаттықтыруда, деп жазады sports.kz.