Бейсенбіде ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 25 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр болады. Кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңерте тұман күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.