Бейсенбіде бірқатар өңірде 2 градус үсік жүреді - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігіне Солтүстік антициклоны әсер ете бастайды. Осының салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Қазгидромет мәліметінше, тек Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында циклонның әсерінен жаңбыр мен найзағай, бұршақ, дауыл сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік аудандарда түнде және таңертең – тұман, батыста, солтүстік-батыста топырақ бетінде үсік жүреді.

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының батысы, таулы аудандарында дауыл тұрады. Желдің күші 23 м/с асады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы, Қызылорда облысының солтүстігі, орталығы, күндіз Қарағанды облысының солтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Павлодар облысының оңтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с, түнде шығыста тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында - бұршақ, дауыл, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің күші 25 м/с асады.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, күндіз солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар