Бейсенбіде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман болады, Павлодар облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде найзағай жарқылдайды, Атырау облысында тұман күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, желдің 18-23 м/с-ге күшеюі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram