Бейсенбіде елордада бірқатар көшеде ауыз су беру тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 шілдеде сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін Б.Майлин көшесіндегі 5 мекен жай бойында Д=150 мм су құбырының Д=100 мм ойымында жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарлайды әкімдіктің жағдаяттар орталығы.

Бейсенбіде елордада бірқатар көшеде ауыз су беру тоқтатылады

Келесі тұрғын нысандарда ауыз су беру тоқтатылады: Күйші Дина көшесі 4/1, 4/2;   Б.Майлин көшесі 3, 3/2, 5, 5/1, 5/2; Тәуелсіздік даңғылы, 26/1, сондай-ақ тұрғын үй емес нысандар: Б.Майлин көшесі, 5/3 - «Аққу» жеке балақшасы; Тәуелсіздік даңғылы, 26/2; Күйші Дина көшесі, 4/3.