Бейсенбіде Қазақстанның басым өңірінде - қар, бұрқасын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ күтілуде

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағыy бөліктерінің ықпалында болады.
None
None

Онымен жекелеген жерлерде қар, бұрқасын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ күтілуде. Ал елдің батыс және солтүстік өңірлерінің ауа райына антициклон әсер ететін болады.

Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, түнде Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында түнде және күндіз тұман күтілуде.

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарында тұман мен көктайғақ, Атырау облысының кей өңірлерінде 15-20 м/с екпіндегі жел болжануда.

Оңтүстік Қазақстан облысын тұман басады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының кей аумақтарында көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар