Бейсенбіде Теміртау қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 шілде күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсенбіде Теміртау қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Теміртау қаласында болжанады.

Қазақстанның қалған қалаларында метеорологиялық жағдай бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.