Бейсенбіде үш қалада ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 наурызда Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 10 наурыз, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Қарағанды, Павлодар және Теміртау қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.