Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы Атлантикалық циклонның онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады, соған байланысты жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қей жерлерде қатты жауын шашын жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.