Бейжің 2016 жылы ауаның ластануымен күресуге $2,5 млрд бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің 2016 жылы ауаның ластануымен күресуге 16,5 млрд юань (2,57 млрд доллар) бөледі, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Бейжің 2016 жылы ауаның ластануымен күресуге $2,5 млрд бөледі

Бұл қаржы ауаны көп мөлшерде ластайтын ескірген 200 мыңнан астам көлікті жоюға бағытталады. Сондай-ақ қала билігі жылыту үшін көмірді пайдалануды барынша азайтуға ниетті және экологиялық залалы аз энергия көздеріне көшуді ынталандырмақ.

Былтыр желтоқсан айында Бейжің тарихында қала билігі түтін басу салдарынан екінші рет қатердің ең жоғары деңгейі - қызыл деңгейін жариялаған болатын.