Бейжің-2022: Дмитрий Рейхердке жүлде бұйырмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында фристайл могулдан Дмитрий Рейхерд жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжің-2022: Дмитрий Рейхердке жүлде бұйырмады

Дмитрий Рейхерд Олимпиадалық турнирдің үшінші финалына өте алмады.

Екінші финалдың қорытындысы бойынша Рейхерд 76,77 ұпай жинады. Өкінішке қарай бұл көрсеткіш оны жарыстың негізгі финалына шығуына аздық етті. Осылайша, үздік алты спортшының қатарынан шығып қалды.

Фристайлдан Қазақстан құрамасында Юлия Галышева да бар. Сондай-ақ, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковқа жанкүйер боламыз.

Бейжің қаласындағы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түседі.

Айта кетейік, жарыс Бейжің орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоу секілді үш аймақта өтеді.

Бейжіңде керлинг, хоккей, конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер арасындағы сноубординг, шаңғы фристайлындағы биг-эйр бәсекелерін қабылдайды.

Ал астана маңында орналасқан Яньциньде шаңғы, бобслей, скелетон және шана спортында медальдар жүлделері сарапқа салынады.

Хэбэй провинциясында орналасқан Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спортының барлық түрі және биатлон жарыстарын қабылдайды.