Бейжің-2022: Қай ел қанша медаль алды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасы әлі де көш басында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжің-2022: Қай ел қанша медаль алды

Бүгін жалпы медальдар кестесінде көшбасшы мемлекеттер өз орындарын сақтап қалды.

Норвегия құрамасы бүгін қоржынындағы медаль сандарын тағы бір алтынмен толықтырды. Нәтижесінде 13 алтын, 7 күміс, 8 қола (28) медальмен бірінші орында тұр. Екінші орында тұрған Германия құрамасы да бүгін медальдар санын бір алтынмен толықтыра түсті. Олардың еншісінде 10 алтын, 6 күміс, 4 қола (20) медаль бар. Ал үздік үшінші орынды 8 алтын, 7 күміс, 4 қола (19) медальмен АҚШ құрамасы түйіндеп тұр.

Сондай-ақ, кеше 6-орында тұрған Қытай құрамасы бүгін 4-орынға көтерілді.

Медаль көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Норвегия - 13 алтын, 7 күміс, 8 қола

2. Германия - 10 алтын, 6 күміс, 4 қола

3. АҚШ - 8 алтын, 7 күміс, 4 қола

4. Қытай - 7 алтын, 4 күміс, 2 қола

5. Австрия - 6 алтын, 7 күміс, 4 қола

6. Нидерланд - 6 алтын, 4 күміс, 4 қола

7. Швеция - 6 алтын, 4 күміс, 4 қола

8. Швейцария - 5 алтын, 0 күміс, 5 қола

9. Ресей - 4 алтын, 8 күміс, 12 қола

10. Франция - 4 алтын, 7 күміс, 2 қола

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 28-ге жетті. Оның ішінде 21 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 24 мемлекетте күміс жүлде бар. Сондай-ақ, Бельгия, Латвия Польша және Эстония елдерінің қоржындарында бір-бір қола медальдан бар.

Өкінішке қарай, Қазақстан қоржыны әзірге бос тұр.