Бейжің-2022: Қазақстандық фристайлшылар олимпиадалық трассада дайындықтан өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиадада ойындары аясында фристайл-могулдан Қазақстан командасы олимпиадалық трассаны сынақтан өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейжің-2022: Қазақстандық фристайлшылар олимпиадалық трассада дайындықтан өтті

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай спортшылар олимпиадалық трассаны сынақтан өткізіп, 3 ақпан күні басталатын бәсекеге тас-түйін дайындық үстінде.

Фристайл-могулдан Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан алты спортшы сынға түседі. Квота FIS рейтингісіне сай үлестірілді. Олимпиадаға қатысу үшін спортшы топ-30 қатарына еніп, 80-нен аса ұпай жинау қажет.

Қазақстан командасының еншісінде алты жолдама бар. Қысқы ойындарда төрт әйел және екі ер адам бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковқа жанкүйер боламыз.

Аталған спорт түрінде 13 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Фристайлшылар додасы 3-19 ақпан аралығына жоспарланған.

Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі:

3 ақпан

Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу

Могул, ерлер. Бірінші іріктеу

5 ақпан

Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал

6 ақпан

Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал.

Фото: Қазақстан ҰОК