Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышылар спринттен іріктеу айналымында сынға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің Олимпиадасында шаңғыдан әйелдер арасындағы спринттен іріктеу сыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышылар спринттен іріктеу айналымында сынға түсті

Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижені Надежда Степашкина тіркеді. Ол 51-ші орында.

Ангелина Шурыга 60, Ксения Шалыгина 67, Ирина Быкова 68-ші сатыға тұрақтаған.

Ширек финалға жолдама алу үшін спортшылар алғашқы 30 шаңғышының қатарына ену керек.

Фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК