Бейжің-2022: Қазақстандық шорт-трекші Тихонова жүлдеден тыс қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында бүгін әйелдер арасында шорт-тректен 1500 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжің-2022: Қазақстандық шорт-трекші Тихонова жүлдеден тыс қалды

Аталған қашықтықта Қазақстан намысын Ольга Тихонова қорғаған болатын.

Ол мұз айдыда бес спортшымен бірге үшінші топта сынға түсті. Нәтижесінде 2:23,48 уақыт көрсеткішімен төртінші болып мәреге жетті.

Алайда, оның жарыс барысында ереже бұзғаны анықталып жарыстан шеттетілді. Осылайша ол Бейжіңдегі Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады.

Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан командасының ең үздік нәтижесін Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол 500 метрге жүгіруден А финалында сынға түсіп, төртінші орын иеленді.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.