Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарысын 3 телеарна көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олимпия ойындарында қазақстандықтардың бүгінгі жарыстарын қазақстандық үш телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарысын 3 телеарна көрсетеді

Нақтырақ айта кетсек, жанкүйерлер бүгінгі жарыстарды отандық «Qazsport», «Qazqstan» және «Хабар» теле арналарынан көре алады.

Қазақстандық телеарналардың тікелей эфир уақыты:

Спорт түрі: Тау шаңғысы. Ерлер. Слалом

«Qazsport» арнасы:

Спортшы: Захар Кучин

Басталуы: 08:15

Спорт түрі: Биатлон. Із кесу. Әйелдер

«Qazqstan» арнасы:

Спортшы: Галина Вишневская-Шепоренко

Басталуы: 15:00

Спорт түрі: Биатлон. Із кесу. Ерлер

«Qazqstan» арнасы:

Спортшы: Александр Мухин

Басталуы: 16:45

Спорт түрі: Фристайл-акробатика. Әйелдер

«Qazsport» арнасы:

Спортшы: Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева

Басталуы: 17:00

Спорт түрі: Шорт-трек. Ерлер. 500 м.

«Хабар» арнасы:

Спортшылар: Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша

Басталуы: 17:00

Спорт түрі: Конькимен жүгіру. Әйелдер. 500 м.

«Хабар» арнасы:

Спортшы: Екатерина Айдова

Басталуы: 19:56