Бейжің-2022: Қазақстандық Захар Кучин Олимпиада ойындарын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан слалом бойынша медальдар сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжің-2022: Қазақстандық Захар Кучин Олимпиада ойындарын аяқтады

Аталған спорт түрінен сынға түскен қазақстандық шаңғышы Захар Кучин бірінші мүмкіндігінде жарыс қорытындысы бойынша мәре сызығын 1:03,68 көрсеткішімен 43-ші болып кесті. Ол алғашқы іріктеу сынында бірінші орынға ие болған австриялық Йоханнес Штрольцтан 9.76 минутқа кешігіп келді.

Екінші мүмкіндігінде Кучин мәре сызығын 2:02,66 көрсеткішімен 36-шы болып кесіп өтті. Бұл Захар Кучиннің Бейжің Олимпиадасындағы соңғы жарысы. Осылайша жерлесіміз төрт жылдық доданы жүлдесіз аяқтады.

Тау шаңғысынан слалом бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1- орын - Клемент Ноэль (Франция) – 1:44,09

2- орын - Йоханнес Штрольц (Австрия) – 1:44,70

3- орын - Себастьян Фосс Сулевог (Норвегия) – 1:44,79


Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК