Бейжің-2022: Шыңғыс Ракпаров олимпиаданы 41-орынмен аяқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжің-2022: Шыңғыс Ракпаров олимпиаданы 41-орынмен аяқтады

Аталған сында Қазақстаннан жалғыз Шыңғыс Ракпаров ел намысын қорғады. Ол алғашқы сайыста тұғырдан секіруден сынға түсіп, 79.5 метрге секірді. Қорытынды есепте 69.9 ұпай иеленді. Бұл сында Ракпаров көшбасшыдан 4 минут 12 секундқа қалып қойған болатын.

Ш.Ракпаров жаңа ғана екінші сайыс түрінен, яғни гундерсон жүйесі бойынша із кесуде (10 км.) +6:55,4 нәтиже көрсетіп, қоссайыс қорытындысында Олимпиада ойындарын 41-орынмен аяқтады.

Шаңғы қоссайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Гундерсен жүйесі бойынша жарыс. 10 км. Ерлер

1. Винзенц Гейгер (Германия) – 25:07,7

2. Йорген Нюланд Гробак (Норвегия) +0,8

3. Лукаш Грейдерер (Австрия) +6,6

…41. Шыңғыс Рақпаров (Қазақстан) +6:55,4.

Айта кетейік, Шыңғыс Ракпаров аталған спорт бойынша Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы.