Бейжің-2022: Жалпы медальдар кестесінде Швеция көш бастап тұр

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында күн санап медальға талас қыза түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Бейжің Олимпиада ойындарының ресми басталғанына тура төрт күн болды. Осы аралықта бүгінгі күннің қорытындысы бойынша жарысқа қатысушы 91 мемлекеттен 22 ел төртжылдық доданың жүлделерін қанжығаларына байлап үлгерді.

Швеция кеше, яғни 7 ақпанда 3 алтын медальмен көш бастаса, бүгін медальдар санын тағы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға толықтырып сол биігінен құлаған жоқ.

Ал кеше ғана жалпы есепте екінші орында тұрған Ресей құрамасы бүгін орнын Нидерланды құрамасына беріп, өздері 7-орынға сырғып кетті. Сондай-ақ, бүгін үздік үшінші орынға жалпы есепте Олимпиада ойындарын ұйымдастырып жатқан алаң иелері көтерілді.

Медальдар көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Швеция - 3 алтын, 1 күміс, 1 қола

2. Нидерланд - 3 алтын, 3 күміс, 1 қола

3. Қытай - 3 алтын, 2 күміс

4. Германия - 3 алтын, 2 күміс

5. Норвегия - 3 алтын, 1 күміс, 4 қола

6. Италия - 2 алтын, 4 күміс, 1 қола

7. Ресей - 2 алтын, 3 күміс, 5 қола

8. Австрия - 2 алтын, 3 күміс, 2 қола

9. Словения - 2 алтын, 1 күміс, 2 қола

10. Франция - 1 алтын, 4 күміс.

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін жалпы 22 мемлекеттің спортшылары Бейжің Олимпиадасының медалін жеңіп алып, мерейі үстеп болды. Өкінішке қарай қазақстандық спортшылар әлі күнге бір медальға қол жеткізе алмай келеді.


Соңғы жаңалықтар