Бейжің 2022 жылғы Олимпиадаға арнап шығарған пошталық маркасын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің 2022 жылғы Олимпиадаға арнап шығарған пошталық маркасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazakh.people.com">kazakh.people.com сайтына сілтеме жасап.

Бейжің 2022 жылғы Олимпиадаға арнап шығарған пошталық маркасын таныстырды

Арнайы пошталық марканы көпшілікке Бейжіңде 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комиссиясының бас хатшысы Хан Зиронг пен Қытайдың ұлттық пошта мекемесі бас директорының орынбасары Ли Пи Жын таныстырды.
null 

Марка Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындарына арналған.

Пошта екі түрлі нұсқада шығарылады, бірінде Қысқы Олимпиада белгісі, екіншісінде Паралимпиада логотипі бейнеленген.