Бейжің-Астана рейсінде ұрлық жасады деген күдікпен ҚХР азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері Аспанасты елінің 34 жастағы азаматын ұрлық жасағаны үшін ұстады. «Air Astana» әуе компаниясы жолаушыларының бірінің жүгінен ірі сомадағы ақша мен компьютердің жоғалуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

29 желтоқсанда Астана қ. әуежайындағы Желілік полиция бөліміне «Бейжің-Астана» рейсінің екі жолаушысынан - мың юаньның ұрлану фактісі бойынша 19 жастағы Қырғызстан азаматынан және 27 жастағы қазақстандықтан Mac Book Air маркілі ноутбуктің ұрлануына байланысты арыз түсті.

Көліктегі ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1981 жылы туған ҚХР азаматы ұсталды. Ол осы рейспен ұшып келіп, әрі қарай Дубайға ұшпақ болды.

Тінту кезінде айғақзаттар тәркіленді.

Аталған факт Астана қ. әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің сот алдындағы тергеудің біріңғай реестріне тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар