Бейжің әуежайы кешіккен рейстер бойынша көш бастап тұр

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Бейжіңнің халықаралық әуежайы бөгелген рейстер саны бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы ВВС хабарлады.
None
None

Әлемнің барлық халықаралық әуежайларында уақытылы және кідіріп жөнелтілген рейстерді есептеумен айналысатын компанияның мәліметі бойынша, бейжіңдік әуежайдан дер кезінде рейстердің 20 пайыздан кемі ғана ұшады екен.

Бұл рейтингте екінші болып Шанхайдың әуежайы тіркелген.

Сарапшылардың дерегіне қарағанда, ҚХР әуежайларында ұшақтардың кешігуіне әскерилердің әуе кеңістігінде қатаң қадағалау жасауы себеп болуда.

Ал уақытылы жіберілген рейстердің саны бойынша Токио үздік деп танылды. Аталған қаладан жөнелтілетін рейстердің тек 5 пайызы ғана кешігеді екен.

Соңғы жаңалықтар