Бейжің маңында ежелгі бейіттердің ірі кешені табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңнің оңтүстік-батыс маңында ежелгі бейіттердің ірі кешені табылды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Бейжің маңында ежелгі бейіттердің ірі кешені табылды

Бұл туралы жексенбі күні Бейжің мәдени мұралар институты мәлім етті.

70 гектар археологиялық қазбаларда 1100 жыл бойы салынған 129 бейіт орналасқан. Ол Шығыс Хань әулетінен (25-220 жж.) Таң әулетіне (618-907 жж.) және Ляо мемлекетіне (907-1125 жж.) дейінгі кезеңдерді қамтиды. Кейбір жерленген орындар адамдарды, олардың киімдерін бейнелеген фрескалармен безендірілген, сондай-ақ олардан қыш бұйымдары, фарфор, жылтыратылған заттар, сондай-ақ жеке жерлеу заттары табылып отыр.

Жерленген орындар кешені тұрғын үй салуды жоспарлау кезінде табылды. 2014 жылғы мәдени құндылықтарды қорғау шаралары аясында құрылыс салынатын барлық жер учаскелерінде мәдени жәдігерлер болуы әбден зерттелуі тиіс.