Бейжің маңында тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР астанасы маңында азаматтық тікұшақ құлап, ұшқыштардың бірі қаза тапты, екіншісі ауыр жарақаттанды.

Бейжің маңында тікұшақ апатқа ұшырады

Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.

Оқыс оқиға түске таман Муцзяюй қаласына таяу жерде, Бейжіңдегі коммерциялық компаниялардың біріне тіркелген "Белл-407" тікұшағының жаттығуы кезінде орын алды.

Қазіргі уақытта апаттың себеп-салдары тексерілуде.